Ақтөбе облысында ауылды су баспауы үшін тас жолдың бір бөлігі қазылды

Автор: Azattyq Rýhy

Өңірде су тасқыны қаупі сейілгеннен кейін жол қалпына келтіріледі

видеодан скрин

Ақтөбе облысында ауылды су баспауы үшін тас жолдың бір бөлігі қазылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ақтөбе өңірінің жергілікті атқарушы органы мен төтенше жағдайлар департаментінің өтініміне сәйкес Қобда ауылын су алмас үшін және жергілікті тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін республикалық маңызы бар «Самара-Шымкент» тасжолының 613 шақырымындағы учаскесін қазу туралы шешім қабылданды. Жол бөлігін қазу жұмыстары басталды.

Балама бағыт Орал-Қобда-Ойыл-Шұбарқұдық-Ақтөбе арқылы болады.