«Байтақ» партиясының мүшелері Сәтбаев дәрігерлерімен кездесуді өткізді

Автор: Azattyq Rýhy

Партиялықтар қалалық емханаға барды

Сәтбаев қалалық емханасында қазақстандық «Байтақ» жасылдар партиясы өкілдерінің медицина қызметкерлерімен кездесуі өтті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оған Ұлытау облысы бойынша «Байтақ» Жасылдар партиясы облыстық филиалының төрағасы Базаркүл Үмбетова, Ұлытау облысынан «Байтақ» жасылдар партиясынан Мәжіліс депутаттығына кандидат Қазбек Майгелдинов қатысты.

Депутаттыққа кандидат медицина қызметкерлерін өзінің сайлауалды бағдарламасының басым бағыттарымен таныстырды.

Штаб басшысы Марғұлан Ермағанбетұлы сайлаушылардың сұрақтарына нақты жауап беріп, алдағы уақытта Қаражал қаласы мен Жаңаарқа ауданының тұрғындарымен осындай кездесулер жоспарланғанын хабарлады.

Тегтер: