Respublica партиясынан депутаттыққа кандидаттар Петропавл тұрғындарымен кездесті

Автор: Azattyq Rýhy

Партия өкілдері халықпен және кәсіпкерлермен кездесулер өткізді

5 наурызда Respublica партиясының кезекті туры Петропавлда жалғасты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Партия өкілдері халықпен және кәсіпкерлермен кездесулер өткізді.

Кездесуге партия төрағасы Айдарбек Қожаназаров, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаттығына кандидат Қырмызы Жандосова, Динара Наумова, Екатерина Смирнова, Олжас Болатбекұлы және Ермек Өмірзақов қатысты.