БҚО-да су дамбаны бұзып кетіп, ауыл тұрғындары эвакуацияланды

Автор: Azattyq Rýhy

Бөрлі ауданына қарасты Ақбұлақ ауылында бірнеше үйге су кірді

фото: uralskweek.kz

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Ақбұлақ ауылына тасқын су кіріп, 44 адам қауіпсіз жерге көшірілген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

БҚО ТЖ департаментінің мәліметінше, дамбаны бұзып өткен тасқын су ауылдың екі көшесіне, оншақты үйге кірді. Оқиға орнынан 44 адам көшірілген. Олардың дені Ақсай қаласы мен аталмыш ауылдағы туысқандарына орналастырылды.