Партия белсенділері кездесуде өзекті мәселелерді талқылады
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына партиялық тізім бойынша Жалпыұлттық социал-демократиялық партиядан кандидаттар Нұрлан Әуесбаев, Ажар Сағандықова және бір мандатты аумақтық сайлау округі бойынша кандидат Азамат Хайсин «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС қызметкерлерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды Azattyq ruhy партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өз кезегінде партия белсенділері кездесуде өзекті мәселелерді талқылады. Атап айтқанда, биыл Екібастұзда ЖЭО-да жылыту маусымының қызу кезеңінде болған апатта тақырыпқа тұздық болды.