Олар ұсыныстар мен өтініштер жинау үшін азаматтарды қабылдау жұмысын жүргізіп жатыр
Қарағанды облысында барлық деңгейдегі мәслихаттар мен депутаттыққа кандидаттардың кездесуі өтті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«АБЗАЛ» сауда үйінде облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер Қарағанды қаласының тұрғындары мен қонақтарынан өтініштер мен ұсыныстар жинау мақсатында кездесу өткізді.
20 ақпаннан бастап Қарағанды облыстық сайлауалды штабында сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін мәслихат депутаттығына кандидаттар ұсыныстар мен өтініштер жинау үшін азаматтарды қабылдауда.
Қарағанды облыстық мәслихат депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді