«AMANAT»: Мұқағали туған өлкеде үгіт-насихат жұмысы жүргізілді

Автор: Azattyq Rýhy

Аудан-қала жұртының 96,7%-дан астамы газбен қамтылады

«AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалы атынан облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар – Қуат Байғожаев, Бекзат Мырзахмет, Талғат Байеділов, Жанарбек Әшімжанов Райымбек ауданы Қарасай ауылына барды. Елді мекен тұрғындарымен кездесіп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Жолдардың сапасына қатысты азаматтардан әділ сынды жиі естиміз. Сапалы жол – азаматтардың қауіпсіздігінің, медициналық көмектің, мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігінің кепілі, экономика мен сауданы дамытудың маңызды шарты. «АМАНАТ» партиясы бұзылған жолдар, сапасыз жөндеу жұмысы, ұзақ уақытқа созылатын жол құрылысы, жол құрылысындағы сыбайлас жемқорлық өмірімізде қалыпты құбылыс болып қалмауы үшін күш салады», − деді жиында Қуат Байғожаев.

Сонымен қатар жиында халықтың тұрмыс жағдайын жақсартуға арналған партия бастамалары талқыланды.

Айтуларынша, нақты шаралар нәтижесінде 2027 жылға дейін облыс тұрғындарының 100%-ы сапалы ауыз суға қол жеткізеді. Аудан-қала жұртының 96,7%-дан астамы газбен қамтылады.

Алматы облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді