Жексенбі күні демонстранттар Грекия бойынша жаңа наразылық акцияларына шықты
Ел тарихындағы ең қайғылы теміржол апаты Үкіметке қысымды күшейтіп жіберді. Шеруге шыққандар қайғылы жағдайға әкелген немқұрайлылық үшін билікті кінәлады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі Euronews-ке сілтеме жасап.
Афинада наразылық білдірушілер Парламент ғимаратының алдындағы Синтагму алаңын толтырды.
Плакаттар мен баннерлерде «Ұмытпаймыз, кешірмейміз!», «Біз қаза болған азаматтардың атынан сөйлейміз!» деп жазылған.
«Ол өлім пойызы болды. Кінәлілер оны білген және 57 адамды өлімге қиған», - дейді наразылық білдірушілердің бірі.
57 адамның көпшілігі студенттер болған.
Айта кетейік, 28 ақпанда Грекияның орталық бөлігінде жолаушылар мен тауар пойыздарының соқтығысты. Теміржолдың төрт шенеунігіне айып тағылды, бірақ халықтың наразылығы теміржол желісін ұзақ уақыт бойы тиімсіз басқаруға бағытталды. Елдегі жаппай наразылықтар тоқтамай отыр, кейде тәртіпсіздіктер полициямен қақтығысқа ұласып кетіп жатыр.