Алматыдан 903 шақырым жерде жер сілкінді

Автор: Azattyq Rýhy

Жер сілкінісінің ошағы Ауғанстан аумағында орналасқан

Алматыдан 903 шақырым жерде жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «СТӘК» ЖШС-ның сейсмикалық стансалар желісіне сілтеме жасап.

Жер сілкінісі Алматы уақытымен бүгін түнгі сағат 00:25-те тіркелді. Зілзала ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 903 шақырым жерде, Ауғанстан аумағында орналасқан.

Энергетикалық санаты – 10.7. MPV тербелісі – 5,1. Тереңдігі – 15 шақырым. Жерасты дүмпуі Алматыда сезілген жоқ.