Түркияның Адана қаласында жер сілкінді

Автор: Azattyq Rýhy

Жер дүмпуі 6,88 шақырым тереңдікте болған

фото: www.aa.com.tr

Түркияның Адана провинциясында жергілікті уақыт бойынша сағат 22:35-те жер дүмпуі тіркелді. Бұл туралы Azattyq Rýhy Анадолу агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Түркия үкіметі жанындағы апаттар мен төтенше жағдайлар салдарын жою басқармасы (AFAD) жарияланған мәліметке қарағанда, 4 балдық жер сілкінісі Юрегир ауданында тіркелген.