$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Кандидаттар Орал қаласында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді

Сонымен қатар олар тұрғындарды сайлауда белсенділік танытуға шақырды

Кандидаттар Орал қаласында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді

«AMANAT» саяси ұйымының БҚО-дағы сайлауалды штабы жетекшісі Мұрат Мұқаев және партиялық тізім бойынша облыстық мәслихат депутаттығына ұсынылған кандидат Гүлмира Батпақұлова Оралдағы «Форум» сауда үйіне барып, саудагерлер мен тұтынушыларға үгіт-насихат жүргізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Мереке қарсаңында сауда нысанында тұрғындардың қарасы қалың болды. Штаб мүшелері олардың әрқайсысына үнпарақтар таратып, саяси науқанда белсенділік танытуға шақырды. Штаб жетекшісі мен кандидат жұртшылықтың бірқатар сауалына жауап берді. Мәселен, бұралқы иттердің көбейіп кетуі көпшілікті алаңдатып отыр.

«Иттерді атуға тыйым салынған, әрине. Алайда қауіп төндірсе, тиісті шаралар қолдануға рұқсат берілген. Ол үшін алдымен ветстанцияларға арыз жазу қажет. Ондағы мамандар иттерді аулап, биозалалсыздандырады немесе көзін жояды. Партия алдағы уақытта үй жануарларын асырайтын адамдардың жауапкершілігін арттыруды көздеп отыр. Ол үшін әрбір ит-мысыққа чип тағылады», – деді кандидат Гүлмира Батпақұлова.

Тұрғындар құқық қорғау органдарының қызметін оңтайландыруды сұрады. Әсіресе, бейнебақылау камераларын көбірек орнату қажеттігін алға тартты. Партия қоғамдық тәртіпті қадағалау жұмысына мән береді. Сайлауалды бесжылдық бағдарлама шеңберінде облыста 5 учаскелік полиция пунктінің құрылысын жүргізу жоспарланған. Полиция қызметкерлері қосымша 225 мобильді планшетпен қамтамасыз етіледі. «Интелектуалды тоғыс» құқықбұзушылықты анықтаудың 20 автоматты жүйесін сатып алу да жоспарда.

«650 бейнебақылау камерасы орнатылады. Жыл сайын кемінде 13 патрульдік полиция көлігі сатып алынып тұрады. Қоғамдық тәртіпті қадағалау үшін полиция қызметкерлеріне барынша қолайлы жағдай жасалады», – деді штаб өкілдері.

Сонымен қатар штаб мүшелері тұрғындарға сайлау учаскелері және сайлау құқықтары туралы кеңес берді.

«Саяси науқанда әрбір азаматтың дауысы маңызды, сондықтан ел келешегіне бейжай қарамай, сайлауға келіңіздер! «AMANAT» партиясына сенім артыңыздар!»,- деді штаб шетекшісі Мұрат Мұқаев.

Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді

Серіктес жаңалықтары