Ойыл өзенінің ортасында қалып қойған 120 бас мал құтқарылды

Автор: Azattyq Rýhy

Құтқарушылар моторлы қайықпен малдарды жағаға алып шықты

фото: ашық дереккөзден

Ақтөбе облысында құтқарушылар 110 сиыр және 12 бас жылқы малын судан алып шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

10 наурыз күні 112 құтқару қызметіне Темір ауданы Алтықарасу ауылдық округінен 6 шақырым жерде Ойыл өзенінің ортасында «Даулет» шаруашылығына қарасты жылқы, сиыр малдары қалып қойғаны туралы хабарлама келіп түсті.

«Шақырту орнына 8 құтқарушы мен 2 техника және 1 моторлы қайық жіберілді. Құтқарушылардың жедел әрекетінің арқасында 12 бас жылқы және 110 бас сиыр құтқарылып, қауіпсіз жерге шығарылды»,- делінген хабарламада.