Үміткерлер жиналғандарға партия бағдарламасының мән-маңызына түсіндірді
ШҚО-да «AMANAT» партиясының кандидаттары облыс орталығында сайлаушылармен кездесті. Кездесуде үміткерлер партия бағдарламасының мән-маңызына тоқталып, басты бағыттарын талқыға салды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«AMANAT» – бүгінде бүкіл елмен бірге жаңғырып жатқан жаңа партия. Біз сайлауға түйткілді мәселемізді шешетін, өмірімізді жақсартатын бағдарламамен түсіп жатырмыз. Бағдарламаның авторы – партиядан көмек сұраған, ұсыныс-тілектерін айтқан бүкіл халық. Бұл – ауыл тұрғыны мен жұмысшы, мұғалім мен дәрігер, кенші мен мұнайшы, кәсіпкер мен мемлекеттік қызметкер, зейнеткер мен көпбалалы ана, такси жүргізушісі мен жеткізу қызметшісі, студент пен жұмыссыздың, сондай-ақ қиын жағдайға тап болған адамдардың бізге артқан 200 мыңнан астам аманатынан тұратын бағдарлама», – деді облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Фархад Құрманов.
Үміткерлер партиялық бағдарламада әлеуметтік қамқорлыққа басымдық берілгенін атап өтті. Мәселен, «AMANAT» партиясы 2027 жылға қарай әлеуметтік көмектің орта есеппен бір жарым есе артуына ықпал етеді.
«Бұл қаражат көмек алушыларға «әлеуметтік әмиян» арқылы жеке жеткізіледі. Ақша негізінен, қазақстандық тауар мен қызметке жұмсалатын болады. Мұны отандық өндірушіні қолдаудың бір жолы деп санауға болады. Біз әрбір әлеуметтік көмек алушының табысы өсуі үшін күресетін боламыз. Сонымен бірге отбасылардың ауыр жағдайға түсуіне жол бермеу үшін барымызды саламыз», – деді кандидат Илья Смоляков.
Партиялықтар кездесуге қатысқан мыңға жуық қала тұрғынын нақты істер партиясына дауыс беруге шақырды.
«Қазақстандағы әр отбасы бақуатты өмір сүруге тиіс. Біздің күшжігеріміз әр азаматтың әл-ауқатын жақсартуға, табысын арттыруға бағытталады. Сондықтан «AMANAT» партиясына дауы беріңіздер», – деді кандидат Денис Рыпакова.
Кездесу соңында қатысушылардың сұрақтарына жауап беріліп, ұсыныс-тілектері тыңдалды.
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді