Оңтүстік өңірлерде 20°C-қа дейін күн жылынады
«Қазгидромет» РМК 11-13 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Синоптиктер болжамынша, барикалық түзілімдердің жылдам өзгеруіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Қар және жаңбыр түрінде жауын-шашын болып, екпінді жел соғады, солтүстік-батыс, солтүстік және шығыс облыстарда бұрқасын болуы мүмкін.
«11-12 наурызда республиканың оңтүстігінде қатты жаңбыр жауады, 12-13 наурызда республиканың шығыс облыстарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), Қазақстанның оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады. Республика бойынша тұман түсіп, солтүстік жартысында көктайғақ болуы ықтимал. Республиканың оңтүстік жартысында найзағай ойнайды», - дейді синоптиктер.
Ауа температурасы: