Партиялықтар іс-шара барысында сайлауалды бағдарламаны да түсіндіріп өтті
«AMANAT» партиясының кандидаты, әрі облыстық сайлауалды штабтың төрағасы Сайрангүл Жұмаділова белсенді жастармен бірлесіп, Өскемен қаласының трамвайларында үгіт-насихат материалдарын таратты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Партиялықтар іс-шара барысында сайлауалды бағдарламаны да түсіндіріп өтті.
«AMANAT» партиясы ел аумағында инфрақұрылымды жаңғыртуға ерекше көңіл бөледі. Соның ішінде теміржол мен автожолдарды жөндеу ісі жоспардың алдыңғы легінде тұр. Сондай-ақ әр өңірдегі қоғамдық көлік тапшылығы мен ескірген автопарктерге қатысты қордаланған мәселелерді шешуге күш саламыз. Үкіметпен бірлесіп, ескі автобустарды қысқа мерзімде жаңа, отандық көліктерге ауыстыруға мүмкіндік беретін шешімдер әзірлейміз», – деді Сайрангүл Жұмаділова.
Штаб төрағасы қоғамдық көлікте кездескен сайлаушыларды «AMANAT» партиясына дауыс беруге шақырды.
«19 наурызда ел тағдырына елеулі өзгеріс әкелетін саяси науқан болмақ. Сондықтан белсенділік танытып, нақты істер партиясы – «AMANAT-қа» дауыс беріңіздер!» – деді Сайрангүл Жұмаділова.
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді