Гамбургте атыс болып, алты адам қаза тапты

Автор: Аягөз Құрмаш

Атыс Иегова куәгерлерінің орталығында болған

Фото: bbc.com

Германияның Альстердорф аймағында ауқымды операция жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі BBC-ге сілтеме жасап.

Оқиға орнына жедел жәрдем көліктері мен өзге қызмет түрлері жеткен.

Кейбір мәлімет бойынша атыс Иегова куәгерлерінің орталығында болған.

Гамбург полициясы «қылмыстың себептері туралы сенімді ақпарат жоқ» деп хабарлады.

Осыған байланысты полиция бұл туралы әлеуметтік желілерде алдын ала болжам жасап, қауесет таратпауға шақырды.

Кейінірек полиция шабуылға күдікті адам өлі табылды деп мәлімдеді.

Жергілікті уақыт бойынша 21:00 шамасында  NINAwarn федералды қосымшасы арқылы жергілікті тұрғындарға «бір немесе одан да көп белгісіз шабуылдаушылар шіркеуде адамдарды атып тастады» деген ескерту жіберілді. Адамдарға үйден шықпауға кеңес берілді.