Түркістан:  «AMANAT» партиясының кандидаттары дәрігерлермен кездесті

Автор: Azattyq Rýhy

Жүздесуде кандидаттар өздерінің сайлауалды бағдарламаларын таныстырды

«AMANAT» партиясынан ҚР Парламенті депутаттығына кандидат Қайрат Балабиев пен Әбдібақыт Мақұлбаев Шардара қаласындағы Өтеғұл шағын ауданындағы медициналық амбулатория қызметкерлерімен және қала тұрғындармен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жүздесуде кандидаттар ақ халатты абзал жандармен тілдесіп, жалпы партияның және жеке өздерінің сайлауалды бағдарламаларымен таныстырды.

«Отандастарымызды мектеп оқушысының, мұғалім мен дәрігердің жүктемесі, білім мен медицина саласындағы олқылықтар толғандырады. Азаматтарымыз білікті дәрігер қабылдауын әлі де ұзақ күтуге, ота жасату үшін сабылып, квота іздеуге мәжбүр. Біз барлық қордаланған мәселелерді шешуге тырысамыз. Шынында, сапалы білім беру мен денсаулық сақтау қызметі еліміздің әрбір тұрғыны үшін қолжетімді болуға тиіс. Теңсіздік пен аймақтық диспропорция мәселесі күн тәртібінен түсуі керек. Біз педагогтер мен медицина қызметкерлеріне көңіл бөлеміз. Олар сөзсіз абыройлы қызмет иесі ретінде бүкіл қоғамның құрметі мен мемлекеттің кепілдіктеріне қол жеткізуі керек. Біз олардың сапалы жұмыс істеуі үшін барлық жағдайды жасаймыз, оларды басы артық функциядан босатамыз», - деді басқосуда ҚР Парламенті депутаттығына кандидат Қайрат Рахымұлы.

Жиын соңында мекеме қызметкерлері мен қала тұрғындары жалақы көтеру, жұмыс орнын көбейту, инфрақұрылымды реттеу сынды біршама ұсыныс-тілектерін жеткізді. Тиісінше кандидаттар аталған мәселер назарға алынатындығын айтты.                                                           

Түркістан облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді