Францияда ер адам жүкті әйелі мен бес баласын кепілге алды

Автор: Azattyq Rýhy

Оның психикалық проблемалары бар екені жазылып жатыр

Фото: ap.com

Францияның Труа қаласында қаруланған ер адам әйелі мен бес баласын кепілге алды, деп хабарлайды РИА Новости.

«Полиция олар отырған үйді қоршауға алды. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері ер адаммен келіссөз жүргізіп жатыр», - деп жазады басылым.

Ақпаратта айтылғандай, ер адам оқиға орнына барған полицияның алғашқы тобына оқ атқан. Жараланғандар жоқ.

Әзірге оқиғаның мән-жай белгісіз, бірақ Франция басылымдары жағдай отбасылық жанжалдан туындағанын, ер адамның психикалық проблемалары бар екенін жазып жатыр.

Тегтер: