Ақтауда жоғалған 16 жастағы қыз табылды

Автор: Azattyq Rýhy

Қыздың жоғалу себебі айтылмады

Фото ашық дереккөзден

Ақтауда жоғалған 16 жастағы қыз табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy lada.kz-ке сілтеме жасап.

Қыздың туыстары жоғалып кеткен 16 жастағы Гүлзамира Ыбырай табылғанын айтқан. Қазір қыздың жағдайы жақсы. Бұл туралы республикалық іздестіру ерікті қозғалысы филиалының үйлестірушісі Давид Миникаев мәлімдеді.

Іздестіру жұмыстарына із-түссіз жоғалған 16 жастағы Гүлзамира Ыбырайдың туыстары, тәртіп сақшылары мен еріктілер жұмылдырылған.

Қыз 4-шағынаудандағы үйден шығып кеткені хабарланды. Кейін ол отбасымен байланысқа шықпаған. Бірнеше сағаттық іздестірулерден кейін қыз аман-есен табылды. Оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Республикалық ерікті іздестіру қозғалысы филиалының үйлестірушісі Давид Миникаевтың айтуынша, іздеу жұмыстарына 13 ерікті жұмылдырылған.

Қыздың жоғалу себебі айтылмады.