Ауа райына байланысты 3 облыста жол жабылды

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы мәлім етті

Фото ашық дереккөзден

Ауа райына байланысты 3 облыста жол жабылды. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

7 наурыз сағат 17:30-дағы ақпаратқа сәйкес 3 облыста ауа райының күрт нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар автожолдардың 9 учаскесінде жол қозғалысына уақытша шектеу енгізілген.

Атап айтқанда, Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Қостанай өңірлерінде тасжолдар жабылды.

Республикалық автожолдарды күтіп ұстау жұмысына 400 техника мен 500 қызметкер жұмылдырылды.