Бұл өткен жылға қарағанда 8,7 мыңға артық
Елімізде атаулы әлеуметтік көмек алатындардың саны артқан. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Әлеуметтік төлемдер отбасының табысына қарамастан тағайындалатынын атап өткім келді.Одан бөлек, отбасының әр мүшесіне шаққандағы табыс көлемі кедейлік шегінен төмен болған жағдайда, мемлекет қосымша атаулы әлеуметтік көмек көрсетеді. Өткен жылы атаулы әлеуметтік төлемді 729 мың адам алды. Биыл жыл басынан бері 350 мың адамға тағайындалды. Бұл өткен жылға қарағанда 8,7 мыңға артық», - деді Тамара Дүйсенова Үкімет отырысында.