Маңғыстау облысында 2027 жылға дейін жол сапасы 99%-ға жақсарады

Автор: Azattyq Rýhy

Өңірдегі ауылішілік жолдардың 68,6%-ы және қалалық жолдардың 23%-ы қанағаттанарлық жағдайда емес

Бүгін «AMANAT» партиясының облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер – Нури Тумышев, Тимур Төкенұлы, Анар Шамшадинова, Раушан Аймурзаева, Ирина Беляева «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС ұжымымен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Кездесуде Нури Лазырұлы ұжымдағы қыз-келіншектерді 8 наурыз аналар күнімен құттықтап, кейін партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндірді.

Сонымен қатар сайлауалды бағдарламадағы жол сапасы туралы да айтылды.

«Қазіргі уақытта жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар жолдардың үлесі 96%-ды құрайды. Бұл ретте, өңірдегі ауылішілік жолдардың 68,6%-ы және қалалық жолдардың 23%-ы қанағаттанарлық жағдайда емес. Сондықтан партия автожолдардың сапасын жақсарту үшін 2027 жылға дейін бірқатар іс-шараға ықпал етпек. Олардың арасында облыстық және аудандық маңызы бар 450 шақырым автомобиль жолын салу және реконструкциялау, ұзындығы 250 шақырымнан асатын облыстық және аудандық маңызы бар жолдарды орташа жөндеу, Жаңаөзен қаласында және Мұнайлы, Маңғыстау, Бейнеу аудандарында кемінде 600 шақырым ауылішілік және қалалық құрылыс, реконструкциялау және орташа жөндеу жұмысын жүргізу ісі бар.

Бұл шаралар 2027 жылға қарай жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар жолдардың үлесін 96%-ан 99%-ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ қанағаттанарлық жағдайда емес ауылішілік жолдар үлесін 68,6%-дан 59,3%-ға дейін және қалалық жолдар үлесін 23%-дан 13,6%-ға дейін төмендетеді», - деп атап өтті Анар Шамшадинова.

«Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС Қазақстан бойынша Ұлттық теңіз тасымалдаушы компания. Компанияда бүгінгі күні танкерлер, сүйреткіштер, сонымен қатар ірі көлемді жүктерді тасымалдауға арналған кемелер және әртүрлі мақсаттарға көзделген баржалар бар. Соған сәйкес, «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС еліміздегі кеме қатынасының аса жоғары халықаралық қауіпсіздік және сапа стандарттарына сәйкес келетін аса тиімді және жоғары рентабельді компания.

Өңір үшін ғана емес, еліміз үшін аса маңызды компания ұжымы кездесуде сайлауалды бағдарламаның барысын тыңдап, алдағы 5 жылда атқарылатын жұмыстарға оң бағасын беріп, сайлауда өз дауыстарын беретінін жеткізді.

Маңғыстау облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді