Джеки Чан қазақ тілінде ән айтты

Автор: Azattyq Rýhy

Видео желіде жарияланды

Желіде әйгілі киноактер Джеки Чанның қазақ тілінде ән айтып тұрған видеосы жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

68 жастағы актерге Қытайдың Іле-Қазақ автономиялық округіндегі этникалық қазақтар үстіне шапан, басына тақия кигізгені жазылған. Актер фильм түсіру үшін осы жерге келіпті. Дәстүрге сай оған ат мінгізілді.

Джеки Чан өз кезегінде «Ақ шашу» әнін бірге шырқады.