Шавкат Рахмонов UFC рейтингінде 7-орынға тұрақтады

Автор: Azattyq Rýhy

Соңғы жекпе-жекте америкалықты уақытынан бұрын жеңген болатын

Фото ашық дереккөзден

Қазақстандық Шавкат Рахмонов (17-0) UFC ресми рейтингінде 7-орынға көтерілді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

28 жастағы қазақстандық UFC-де қатарынан бес жекпе-жекте жеңіске жетті, ал жартылай орта салмақтың жаңартылған тізімінде үш қатарға көтерілді.

Дивизион чемпионы – Леон Эдвардс.

Соңғы жекпе-жекте Рахмонов америкалық Джефф Нилді (15-5) уақытынан бұрын жеңген болатын.