8 қызметкер мемлекеттік наградаларға ие болды
6 наурызда Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Түркияда іздестіру-құтқару жұмыстарына қатысқан Астана, Ақмола және Қарағанды облыстарының құтқарушыларына, ЦӘК қызметкерлеріне марапаттарды салтанатты түрде тапсырып, Президенттің алғысын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Түркиядағы жойқын жер сілкінісін жою кезеңінде қызметтік міндеттерін адал атқарғаны және көрсеткен ерлігі үшін барлығы 59 қызметкер марапатталды, оның ішінде 8 қызметкер мемлекеттік наградаларға ие болды, 51 қызметкер Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен және ведомстволық наградалармен марапатталды.
Министр Республика Президентінің атынан және өз атынан адам өмірін сақтап қалуға мүмкіндік берген төтенше жағдайларда көрсеткен батылдығы мен жоғары кәсібилігі үшін ұйқыларын аямай батылдық танытып, ержүректікпен еңбек еткен барлық марапатталғандарға алғыс айтты.
«Марапаттар көп болып, көп рет қолтаңба қою қажет болғанда, факсимиль (қолтаңбаның көшірмесі) пайдаланылады. Бірақ бұл арад Мемлекет басшысы өз міндетін адал атқарған қызметкерлерге құрмет көрсетіп, Түркиядағы жер сілкіністерінің салдарын жоюға қатысқан барлық құтқарушылар марапатына жекелей қол қойып шықты. Бұл да сіздер атқарған жұмысқа деген құрмет, ерекше ілтипат. Менің ойымша, біз істеп жатқан жұмыс адамдарға қажет әрі пайдалы», - деді Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин.
Сондай-ақ ол құтқарушыларға алда су тасқыны қаупі бар екенін және оны өрт қаупі артқан кезеңдегідей, шомылу маусымындағыдай аса аз шығындар мен тәуекелдер арқылы атқару керектігін еске салуға асықты.