Түркиядағы зілзалада аман қалған қазақстандық жайлы тың дерек айтылды

Автор: Аягөз Құрмаш

Ол елге оралған

Бұл туралы ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров министрлік ұйымдастырған брифингте айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Хатай провинциясы аймағында Сабина Мамадиярова Антакья қаласында құтқарылған болатын. Ол үйінді астында қалып, жарақат алған еді.

«Ол ауруханада жатқан кезеңде біздің консул онымен үнемі байланыста болды. Оның жанында туыстары болды. Ол Қазақстанға оралған. Бірақ мазасын алмауды өтінді. Өзі ешқандай пікір бергісі келмейтінін айтты. Біз оның елге жетуіне көмектестік. Ол Анталья-Алматы рейсімен ұшып келген болатын», - деді Айбек Смадияров.

Айта кетсек, Түркиядағы зілзалада үш қазақстандық қаза тапты.