Өткен тәулікте 38 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

Автор: Azattyq Rýhy

1 726 адам коронавирус инфекциясынан емделуде

Фото ашық дереккөзден

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясы 38 адамнан анықталды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

5 ақпандағы мәлімет бойынша, 1 726 адам коронавирус инфекциясынан (–1 560+ және 166 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 121 пациент стационарда, 1 605 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  • 2 адамның жағдайы ауыр,
  • 3 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  • 1 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.