СҚО-да ҚАЖД басшысы болған полиция генералы алаяқтық бойынша тергеліп жатыр

Автор: Azattyq Rýhy

Тергеу мүддесі үшін өзге де ақпарат жария етілмейді

СҚО Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің басшысы болған Берік Біләловке қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі полиция генерал-майоры Б.С. Биляловқа қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағы (аса ірі мөлшердегі алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатқанын хабарлаймыз», - делінген ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жауабында.

Агенттік мәліметінше, Б. Біләлов биылғы 24 ақпанда күдікті деп танылған.

«Бұлтартпау шарасы сайланбады. Тергеу мүддесі үшін өзге де ақпарат жария етілмейді», - дейді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.