ЖСДП өкілдері Ақмола облысының сайлаушыларымен кездесті

Автор: Azattyq Rýhy

Кездесу аясында денсаулық сақтау жүйесіндегі өткір мәселелер талқыланды

Мәжіліс депутаттығына ЖСДП-ның партиялық тізімі бойынша үміткер Мақсұт Насибулов пен бірмандаттық округ бойынша үміткер Валерий Смоквин Ақмола облысының сайлаушыларымен кездесті.

Үміткерлер партияның сайлауалды бағдарламасы мен денсаулық сақтау жүйесіндегі өткір мәселелерді талқылады.

Социал-демократтар халыққа медициналық қызмет көрсету сапасы, МӘМС жүйесін қайта қарау, тегін медициналық қызметтер тізбесін кеңейту мәселелерін көтерді. ЖСДП мүшелері бұл мәселелер заңдарға өзгерістер енгізу арқылы шешілу қажеттігіне де тоқталды.

Тегтер: