Жол-көлік оқиғасының мән-жайы анықталуда
Ақтөбе облысында жол апатынан Тәжікстан азаматы көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Рolisia.kz-ке cілтеме жасап.
Жол-көлік оқиғасы 3 наурызында Ырғыз ауданының Қалыбай ауылының маңында Самара-Шымкент автожолында болған.
Жолда Volvo маркалы автокөлік пен DAF жүк көлігі соқтығысқан. DAF автокөлігінің жүргізушісі, Тәжікстан Республикасының азаматы оқиға орнында көз жұмды.
Сотқа дейінгі тергеу басталды және жол-көлік оқиғасының мән-жайы анықталуда.