Өңірлерде жабылған жолдардың бірқатары ашылды

Автор: Azattyq Rýhy

Республикалық трассадағы 7 участок жолы ашық

Фото ашық дереккөзден

Өңірлерде ауа райының қолайсыздығына байланысты жабылған жолдар ішінара ашылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚазАвтожолға сілтеме жасап.

Таңғы сағат 8-дегі ақпарат бойынша республикалық трассадағы 7 участок жолы ашық.

Шығыс Қазақстан облысы: «Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын – Қатон-Қарағай- Рахман қайнары», 6-166 км.

Павлодар облысы: «Омск-Майқапшағай» 520-587 км, «Жамбыл кенті- Абай облысы», «Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Ботақара» 0-231 км.

Абай облысы: «Омск-Майқапшағай» 587-733 км, Павлодар облысының аумағынан Семей қаласына дейін.

Ақмола облысы: «Астана-Щучинск» трассасы.

Қарағанды облысы: Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Ботақара» 231-324 км.

Ақтөбе облысы: «Самара-Шымкент» тас жолы, 776-965 км.

Бұған дейін жел, көктайғаққа байланысты бірқатар республикалық жолдар жабылған болатын.