Жамбыл облысында төрт тәулік ішінде 21 қару тәркіленді

Автор: Azattyq Rýhy

Жамбыл облысында 10 наурызға дейін «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтеді

фото: polisia.kz

Жамбыл облысында төрт тәулік ішінде 21 қару мен 500-ден астам патрон тәркіленді,  деп хабарлайды Azattyq Rýhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлері төрт тәулік ішінде 244 рейдтік іс-шара өткізіп,  200 шаруа қожалығы тексерді. Тексеру барысында заңсыз айналымнан 21 қару мен 553 түрлі калибрлі патрон тәркіленді. Барлық алынған қаруларға сот-баллистикалық сараптама тағайындалды.

Сонымен қатар полиция қызметкерлері 670 қару иесін тексерді, қаруды сақтау, алып жүру ережелері және оны қайта тіркеу тәртібі бұзылған 42 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Сақтау ережелерін бұзған қару иелерінен ішкі істер органдарында тіркелген 31 қару тәркіленді.

Тегтер: