Атырау облысында кандидаттар әйелдер кәсіпкерлігін қолдауға қатысты шаралар туралы айтты

Автор: Azattyq Rýhy

Олар партияның сайлауалды бағдарламасында осыны көздейтін көптеген бастамалар бар екенін жеткізді

Таяуда Астанада өткен «AMANAT» партиясының әйелдер форумы барысында қазіргі қоғамдағы әйелдердің рөлі, сондай-ақ олардың қабілет-қарымын жүзеге асыруын және елдің саяси өміріне араласуын қамтамасыз етуге бағытталған «AMANAT»  партиясының бастамалары талқыланды. Осы жиында әйелдер қанатын құру туралы ұсыныс та қолдау тапқаны белгілі. Бұл туралы бүгін «AMANAT» партиясының Атырау облыстық филиалы алаңында өткен Бірлік бастауыш партия ұжымымен кездесу барысында кеңінен айтылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Кандидаттар Гүлжан Мухатаева мен Фатима Тулеева қазіргі қоғамда әйел кәсіпкерлер үлесінің көбейіп келе жатқанын айтып, партияның сайлауалды бағдарламасында осы бағытты жетілдіруді көздейтін көптеген бастама-ұсыныстар бар екенін жеткізді.

«Бүгінгі таңда аймақта 26 мыңға жуық әйел кәсіпкер бар. Олардың қатарында жастар, шалғай ауыл тұрғындары бар екені де қуантады. Бұған қоса, квазисектордағы әйелдер үлесін арттыру көзделіп отырғаны да – уақыт талабы», - деді Гүлжан Мухатаева.

Сонымен қатар ол өз тәжірибесімен бөлісіп, еңбек жолын ұстаздықтан бастағанымен, 2000 жылдардың басында бизнес саласына бет бұрғанын жеткізді.

«Атырау облысы мұнайлы өлке дегенімізбен, бір уақыттарда бұл байлықтың да сарқылары белгілі. Сондықтан, кәсіп бастау, оны игеру, табыс табу, халық пайдасына жарату – өз өміршеңдігін дәлелдеген бағыт. «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасында шағын және орта бизнес субьектілерінің санын арттыру оларды қолдау бағытындағы жұмыстарға мән берілген»,- деді ол.

Бұл пікірді қостаған Фатима Тулеева да кәсіпкерлік саласын өрістету бағытындағы мемлекеттік ұстаныммен үндесетін «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстырды.

Ал, Азамат Асылбеков жалпы бағдарламаның басым бағыттары, жастарды қолдау шаралары, мұғалімдер еңбегін бағалау, отандық ғылымды дамыту тақырыптарын талдап, өзіндік ой-пікірлерін отаға салса, кандидат Надежда Тулина да бағдарламада айқындалған басымдықтар туралы айтып өтті.

Кездесу соңында қатысушылар өз ұсыныс-пікірлерін арнайы жәшікке жолдады.

Атырау облысының мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді