Шымкентте жеңіл өнеркәсіп өндірісінің көлемі артып келеді – «AMANAT» үміткері
Қалалық мәслихат депутаттығына үміткерлер өндірістік кәсіпорын ұжымымен кездесті
Шымкент қалалық мәслихат депутаттығына үміткер Жанар Бектаева, Альбина Елшиева, Абдуали Тасмурзаев, Алмасходжа Қайыпов, Мадина Кенжебаева, Бөкейхан Абишев, «AMANAT» партиясы Еңбекші аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Гүлжайна Жартыбекова жеңіл өнеркәсіппен айналысатын кәсіпорын ұжымымен кездесу өткізді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Шымкент қаласының жеңіл өнеркәсібі тоқыма бұйымдарын, киім-кешек, былғары және оған жататын өнімдер өндіретін кәсіпорындар қатары жылдан-жылға толығып келеді. Солардың бірі – «АГФ Групп» өндірістік компаниясы ЖШС-і.
Фабрикада тігін өнеркәсібі үшін арнайы әзірленген кәсіпорынды басқарудың автоматтандырылған жүйесі енгізген. Фабрика заманға сай зертханамен, тігін және пішу жабдықтарымен толық жабдықталған. Техникалық парк жыл сайын жаңартылып отырады.
«Бүгінгі таңда қаламызда 107 мыңнан астам кәсіпкерлік субъектісі бар. Онда 189,4 мың адам жұмыс істейді. Кәсіпкерліктің жалпы өнімдегі үлесі 38,9 пайызды құрайды, бұл әлі де аз көрсеткіш. Дамыған елдерде бұл көрсеткіш 50 пайыздан асатыны белгілі. Біз осындай межеге жетуге ұмтылуымыз қажет деп санаймыз. «AMANAT» партиясының бақылауымен 1,2 мың шағын және орта бизнес өкілін қолдауға жыл сайын бөлінетін 13 млрд теңге көлемінде қаражатты пайдаланудың тиімділігін қадағалайтын боламыз», - деді өз сөзінде Жанар Әлібекқызы.
Басқосу соңында фабрика қызметкерлеріне партияның іске асырған жұмыстары мен жоспары жайла үнқағаздар таратылып, кандидаттар 19 наурызда «AMANAT» партиясын қолдап дауыс беруге шақырды.
Шымкент қаласы мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді