Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті
Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент қаласына барды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен бейресми кездесу өткізу үшін Шымкент қаласына келді», - делінген хабарламада.
Кездесу барысында екіжақты және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер қарастырылады.