«Отаны қарызға жасап берді»: баласын Түркияда емдеткен ана қазақстандықтардан көмек сұрады

Автор: Аягөз Құрмаш

Түрік дәрігерлері екі айлық баланың жағдайын ескеріп, отаны қарызға жасаған

Қазақстандық Меруерт Жомартқызы 5 айлық баласын Түркияда емдеткен. Қаржы баяу жиналған соң, түркиялық дәрігерлер отаны қарызға жасаған. Ашынған ана тиісті соманың жартысын жинауға халықтан көмек сұрады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«2022 жылдың 8 желтоқсанында Керейге екі ай болғанда оған өт жолдарының атрезиясы, бауырдың қайталама билиарлы циррозы деген диагноз қойылды. Оның бірден-бір емі – бауырды ауыстыру. Өкінішімізге қарай, біздің елде бұл ота жасалмайды екен», - деп жазды сәбидің анасы Меруерт Жомартқызы.

Отаның құнын білген ата-ана қазақстандық қормен келісімшартқа отырып, қаржы жинай бастайды. Бірақ нақты сома жиналмай тұрып «Медикал парк Анталья» деп аталатын түркиялық клиникаға емделуге барады. 

«Керейді бірден тексерді, анализ жасап, қорытынды шығарды. Нәтижелері, әрине, көңіл көншітпеді. Нақты сома жиналғанға дейін тағы бір ай Түркияда күтуге мәжбүр болдық. Себебі ақша жинау өте баяу жүрді. Өкінішке қарай, бауырдың жұмысы әлсіреп, уақытылы оны ауыстырмаса, басқа органдарды зақымдайтын еді. Сондықтан дәрігерлер Керейдің жағдайын ескере отырып, шұғыл отаны қарызға жасады. Біздің қор оған гарант болды», - деді ол.

Ақпанның 13-і күні Керейдің бауыры ауыстырылды. Ол 4 күн жансақтау бөлімінде жатып шығады.

«Мен сол кездегі өз күйімді жеткізе алмаймын. Мұның барлығы менің балама қатысы жоқтай күй кештім. Қазір біз сол клиникада ем алып жатырмыз. Керейдің жағдайы жақсарып келеді», - деп жазды оның анасы.

Операцияның құны – 30 000 000 теңге. Бүгінгі таңда оның 15 836 000 теңгесі жиналған, қалғаны – 14 163 000 теңге. Жас ана қазақстандықтардан қарызды жабу үшін көмек сұрайды.

4400 4302 5996 0539 – Меруерт Джузеева