Бұл туралы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ұлттық операторы хабарлады
Еліміздің 3 өңірінде ауа-райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар автожолдарда қозғалыс уақытша шектелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Абай өңірінде «Алматы-Өскемен» тасжолының Қалбатау ауылынан ШҚО шекарасына дейінгі аралығында көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді;
Шығыс Қазақстан облысында «Алматы-Өскемен» тасжолының Абай облысының шекарасынан Қасым Қайсенов кентіне дейінгі аралығында жол қозғалысына шектеу енгізілді.
Қарағанды облысында «Екатеринбург-Алматы» тасжолының Жұмабек ауылынан Балқаш қаласына дейінгі аралығында жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысы шектелді.