Дәурен Абаев жаңа қызметке тағайындалды

Автор: Azattyq Rýhy

Ол соңғы рет Мәдениет және спорт министрі лауазымын атқарды

Дәурен Абаев ТМД Бас хатшысының орынбасары лауазымына тағайындалды. Ақпаратты ТМД Атқару комитетінің баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

«Біз Қазақстан Республикасының СІМ-нен Жұмаханов Бекетжан Махатжанұлының орнына Дәурен Әскербекұлы Абаев келетіні туралы тиісті нота алдық. Ол ТМД Бас хатшысының орынбасары қызметін атқарады. Ол 7 наурызда келеді. Оның тәжірибесі ТМД-ның Атқару комитетінде сұранысқа ие болады деген сенеміз», - деп жауап берді ТМД Атқару Комитеті.

Дәурен Әскербекұлы Абаев 1979 жылы 18 сәуірде Алматы облысында туған.

Еңбек жолында ҚР Сыртқы істер министрлігінде референт, атташе, үшінші хатшы (2001-2003); Қазақстан Республикасының Әзербайжандағы Елшілігінде үшінші хатшы (2003); Нидерланды Корольдігіндегі ҚР істері бойынша уақытша сенімді өкілі, екінші хатшы (2003-2007); ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінде бөлім бастығы (2007); ҚР Президенті Протоколының бас сарапшысы, консультанты (2007-2008); ҚР Президентінің баспасөз хатшысының орынбасары (2008-2009); ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмыстары бөлімінің мемлекеттік инспекторы (2009); Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы, кеңесшісі (2011-2016); Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрі (2016-2019). 2019-2020 жылдары – Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрі (25.02.2019-04.05.2020); Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары (04.05.2020-11.01.2021); Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі (11.01.2022-04.01.2023).

Тегтер: