Ауыл шаруашылығы жануарларын көктемгі вакцинациялауға 66 млн дозадан астам препарат бөлінді
Еліміз бойынша барлық ветеринариялық профилактикалық іс-шаралар белгіленген мерзімде жүргізіліп жатыр
Биыл Қазақстанның ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздігін сақтау үшін ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарда кездесетін аурулардың 23 түріне қарсы вакциналардың шамамен 172 млн дозасы қамтамасыз етілетін болады. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
2022 жылы вакциналардың республикалық қоры құрылды, ондағы вакцина дозасы жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ жеке қосалқы шаруашылық қожалықтарының фермаларында, яғни қорада тұрған жануарларына салынады.
«Бүгінде жергілікті атқарушы органдарда республикалық қордан бөлінген 66 млн дозадан астам ветеринариялық препараттар, 20,7 млн құлақ сырғалары және 10 млн шприц пробиркалар бар. Сонымен қатар, ветеринарлық зертханалар барлық қажетті диагностикумдармен қамтамасыз етілген. Қазіргі уақытта барлық ветеринариялық профилактикалық іс-шаралар белгіленген мерзімде жүргізіліп жатыр».