$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Петропавлда «AMANAT» өкілдері тұрғындарға қаланы дамыту жоспары туралы айтты

Облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар ірі дүкенде экспромт-кездесу өткізді

Петропавлда «AMANAT» өкілдері тұрғындарға қаланы дамыту жоспары туралы айтты

Партиялық тізім бойынша Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар Гюлага Илдырымов, Галина Семенова және Нұрлан Айманов Петропавлдағы «Magnum» супермаркетінде экспромт-кездесу өткізді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«AMANAT» партиясының өкілдері сайлауалды бағдарлама туралы айтып, қала тұрғындарын қызықтырған сұрақтарға жауап берді.

«AMANAT» партиясы алдағы 5 жылда автожолдарды салуға және жөндеуге жәрдемдеседі. Биыл орталық көшелер жөнделеді. Сондай-ақ қала шетіндегі көшелерді жөндеу жоспарлануда. Олардың арасында Потанин, Труд, Порфирьев, Украин, Панфилов, Побелянский және Космодемьянская көшелері бар. Көптеген жоспарлар бар», - деді Гюлага Илдырымов.

Әңгімелесу кезінде петропавлдықтар түрлі сұрақтар қойды. Көбісі қаладағы экологиялық жағдайды жақсарту тақырыбына қызығушылық танытты.

«Біз рұқсат етілмеген барлық полигонды жоюға, экологиялық акциялар өткізуге, сондай-ақ қаңғыбас иттер мен мысықтарды уақытша ұстау пунктін салуға жәрдемдесуге ниеттіміз», - деп атап өтті Галина Семёнова.

Сондай-ақ әңгімелесу барысында кандидаттар супермаркетке келушілерді 19 наурызда дауыс беруге белсенді қатысуға және «AMANAT» партиясына дауыс беруге шақырды.

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізім ұсынған «AMANAT» партиясының сайлау қорының қаражатынан төленді

Серіктес жаңалықтары