Тоқаев жаңа судьяларды тағайындап, кейбірін қызметінен босатты

Автор: Azattyq Rýhy

Мемлекет басшысы сот жүйесінде кадрлық өзгерістер жасады

Фото ашық дереккөзден

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасы соттарының төрағаларын, сот алқаларының төрағалары мен судьяларын қызметке тағайындау және босату туралы» Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 82-бабынын 2-тармағына, «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 31-бабының 2, 5, 7-тармақтарына, 34-бабы 1-тармағының 1), 2), 8) тармақшаларына, 3-тармағының 2) тармақшасына, 4-тармағына сәйкес қаулы етемін», - делінген құжатта.

Мемлекет басшысы қаулысына сәйкес:

  • Смағұлов Айдар Әскербекұлы Солтүстік Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы қызметінен босатыла отырып, Ақтөбе облыстық сотының төрағасы болып тағайындалды.

Судья қызметіне Астанада:

  • мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына Астана қаласы Алматы аудандық сотының төрағасы қызметінен босатыла отырып Асан Болатұлы Бәкішев;

Батыс Қазақстан облысында:

  • Орал қаласының №2 сотының судья қызметіне – Есжанов Сабыржан Рысбекұлы осы облыстың Жанғала аудандық сотының төрағасы қызметінен босатыла отырып тағайындалды.

Сондай-ақ:

  • Мерғалиев Асламбек Амангелдіұлы Ақтөбе облыстық сотының төрағалығынан басқа қызметке сайлануына байланысты босатылды.
  • Елемесов Қайырбек Құсайынұлы өкілеттік мерзімінің өтуіне байланысты, осы соттың судьясы ретінде қала отырып Ақтөбе облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы қызметінен босатылды.
  • Ли Жанна Михайловна өз тілегі бойынша Астана қалалық сотының судьясы қызметінен босатылды.
  • Жұмақсанов Елдос Шағанұлы басқа жұмысқа ауысуына байланысты Абай облыстық сотының судльясы қызметінен босатылды.
  • Бақтығұлов Маханбет Сапарұлы орнынан түсуіне байланысты БҚО сотының судьясы қызметінен босатылды.
  • Нұржігітов Нұрбақыт Тұртайұлы орнынан түсуіне байланысты Жамбыл облыстық сотының судьясы қызметінен босатылды.
  • Исабекова Рыскүл Қазиқызы орнынан түсуіне байланысты Қарағандық облыстық сотының судьясы қызметінен босатылды.
  • Лукьянов Александр Иванович орнынан түсуіне байланысты ШҚО сотының судьясы қызметінен босатылды.
  • Исабекова Раушан Қайырқызы басқа жұмысқа ауысуына байланысты Астана қаласы Есіл аудандық сотының судьясы қызметінен босатылды.
  • Серікбаев Еркін Тәжіханұлы өз тілегі бойынша Ақмола облысы Шортанды аудандық сотының судьясы қызметінен босатылды.
  • Көшікбаев Мәди Жаубасарұлы өкілеттік мерзімінің өтуіне байланысты, осы соттың судьясы ретінде қала отырып, Алматы облысы Қарасай аудандық сотының судьясы қызметінен босатылды.
  • Күреңбеков Олжас Қуатұлы өкілеттік мерзімінің өтуіне байланысты, судья ретінде қала отырып Алматы облысы Қонаев қалалық сотының төрағасы қызметінен босатылды.
  • Құспанов Әділ Ишахатұлы орнынан түсуіне байланысты Атырау облысы Индер аудандық сотының судьясы қызметінен босатылды.
  • Тілеубеков Ерғазы Өтенұлы өкілеттік мерзімінің өтуіне байланысты, сот судьясы ретінде қала отырып Жамбыл облысы Байзақ аудандық сотының төрағасы қызметінен босатылды.
  • Шегенов Ерлан Морякұлы өкілеттік мерзімінің өтуіне байланысты, сот судьясы ретінде қала отырып Қарағанды қаласы Октябрь ауданы №3 сотының төрағасы қызметінен босатылды.
  • Гавриченкова Татьяна Викторовна орнынан түсуіне байланысты Теміртау қалалық сотының судьясы қызметінен босатылды.
  • Алдабергенов Марат Сисенбайұлы орнынан түсуіне байланысты Маңғыстау облысы Бейнеу адуандық сотының судьясы қызметінен босатылды.
  • Ақпар Анна Николаевна өкілеттік мерзімінің өтуіне байланысты, соттың судьясы ретінде қала отырып ШҚО кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы қызметінен босатылды.

Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.