2023 жыл ішінде барлығы 5 796 шағын несие беру жоспарланып отыр
1 наурыздан бастап кәсіпкерлік бастамаларды іске асыру үшін жастарға берілетін жылдық 2,5% жеңілдікті микрокредиттер беру үшін құжаттарды қабылдау басталды. 2023 жыл ішінде барлығы 5 796 шағын несие беру жоспарлануда, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарлауынша, микрокредиттер 21 жастан 35 жасқа дейінгі жастарға өз ісін ашу немесе кеңейту үшін, 5 жылдан аспайтын мерзіммен жеке кәсіпкер ретінде тіркелген жағдайда беріледі. Бұл ретте қатысушылардың жасы «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ-ға өтініммен жүгінген кезде ескеріледі.
«Микрокредиттің мөлшері 5 млн теңгеге дейін, ал қатысудың ең ұзақ мерзімі – 5 жылдан (кез келген мақсатқа), 7 жылға дейін (мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін) болуы мүмкін.
Номиналды сыйақы мөлшерлемесі-жылдық 2,5% - дан аспайды», - делінген ведомство хабарламасында.
Микрокредит алушылар үшін негізгі борыш пен сыйақыны өтеу бойынша жеңілдікті кезең беріледі, ол микрокредит мерзімі ұзақтығының үштен бірінен аспайды.
Кепілмен қамтамасыз етудің болуы – міндетті шарт. Ол ретінде жылжымалы (мамандандырылған техника) және жылжымайтын мүлік қабылданады. Кепілмен қамтамасыз ету болмаған жағдайда кепіл берушіні (ата-аналарын, туыстарын және т.б.) тартуға болады.
Өтінім беру үшін құжаттар пакетін «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ филиалына тапсыру қажет.
Қажетті құжаттар тізімі:
Микрокредиттер төменде көрсетілген тізімдегілерді қоспағанда:
Микрокредиттер арнайы комиссияның шешімі негізінде беріледі, оның отырыстарында үміткерлер өздерінің бизнес-жобаларын таныстырады.
Осылайша, микрокредит беру туралы шешім комиссиялық және нақты іс-қимыл жоспарымен өзекті, дәлелді, экономикалық негізделген, қоғамдық маңызы бар, өміршең болуы тиіс жобаның пысықталуын бағалаудың нақты критерийлері негізінде қабылданады.
Қазіргі уақытта микрокредиттер алуға өтінімдер мынадай өңірлерде: Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Жетісу, Абай, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Ұлытау, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Түркістан облыстарында және Астана қаласында қабылданады. Қалған өңірлерде өтінімдерді қабылдау жақын арада басталады. Бұл туралы қосымша хабарланады.
«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ филиалдарының мекенжайлары мына жерде көрсетілген.