Семейде Алғыс айту күні қарсаңында 30-ға жуық іс-шара өтті

Автор: Azattyq Rýhy

Қатысушылардың жалпы саны шамамен 10 000-ға жуық адамды құрады

Семейде Алғыс айту күніне арналған 30-ға жуық іс-шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.

Балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арналған «Жүректен жүрекке», «Қайырымдылық керуені» еріктілер акциялары (жалғызбасты зейнеткерлерге қар күреуге көмектесу), «Еңбекші жастар-2023» фестивалі аясында өткізілген іс-шаралар (жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру), «Алғыс» инста-челленджі. «Арамыздағы қаһармандар» алғыс челленджінің аясында қала тұрғындары денсаулық сақтау, төтенше жағдай және құқық қорғау органдарының өкілдеріне алғыстарын білдірді. Қолданбалы өнер көрмесі мен «Бір шаңырақ астында» атты мерекелік шара ұйымдастырылды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, қатысушылардың жалпы саны шамамен 10 000-ға жуық адамды құрады.