Әлеуметтік сауалнама: астаналықтар кімге алғыс айтады

Автор: Аягөз Құрмаш

Елорда тұрғындары түрлі саладағы адамдарға алғыс айтты

Қазақстан халқы Ассамбелясы астаналықтардан 1 наурыз – Алғыс айту күні кімдерге алғыс айтқысы келетіні жайлы әлеуметтік сауалнама жүргізді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Сауалнамаға жауап бергендерге қазақтың ұлттық тағамы – жент сыйға тартылды.

«Бірінші кезекте мен Президентке алғыс айтамын. Ата-анама және осындай ауа райында жұмыс істеп жатқан барлық қызметкерге алғыс айтамын. Балаларыма рақмет, барлығына алғыс айтқым келеді. Мен өз анама алғыс айтқым келеді. Себебі 1 наурыз – оның туған күні», - деп жауап берді сауалнамаға қатысқандар.

Сауалнамаға шеттен келген жұптар да жауап берді.

«Ең алдымен, жақсылық жасайтын адамдарға алғыс айтқымыз келеді. Әлемге позитив, білім әкелетін жандарға шексіз алғыс айтамыз», - деді олар.

Еске салсақ, елімізде Алғыс айту күні 2016 жылдан бастап мерекеленіп келеді.