АҚШ Мемлекеттік хатшысы желіде жазба қалдырды
АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен желідегі парақшасында Қазақстан халқына алғыс айтып, жазба қалдырды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Блинкен жылы қарсы алғаны үшін Қазақстан халқына, Президентіне және Сыртқы істер министрлігіне айрықша алғыс білдірді.
«Қайырлы күн, Қазақ елі! Маған осы сапарым мен осында өткізген нәтижелі кездесулер ұнады. Қазақстанда жылы қарсы алғаныңыз және #C5plusUS-ті қабылдағаныңыз үшін Президент @TokayevKZ және @MFA_KZ рахмет», - деп жазды ол Твиттерде.
Еске салсақ, сейсенбі, яғни 28 ақпанда Ақордада ҚР Прзиденті Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкенді қабылдады. Америкалық дипломат Қазақстанға ресми сапармен келді.