Қазақстанда отыздан астам интернет-ресурс бұғатталды

Автор: Azattyq Rýhy

Әлеуметтік желілерде белгілі тауарға сертификатты жылдам алуға «көмектесетін» қызмет туралы ақпарат тарады

фото: retailer.ru

Қазақстанда отыздан астам интернет-ресурс бұғатталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ҚР МТИ Техникалық реттеу және метрология комитетіне сілтеме жасап.

Сәйкестік сертификаты немесе сәйкестік туралы декларация өнімнің қауіпсіз екенін растайды. Сертификатсыз өнім азаматтардың денсаулығына қауіпті болуы мүмкін.

«Оны аккредиттелген сертификаттау органдары береді. Ал мұндай «делдалдық» қызметтерді аккредитациясыз жарнамалауға «Жарнама туралы» заңмен тікелей тыйым салынған. Сондықтан ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитеті осындай сайттарды үнемі бақылап, табылған жағдайда Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне бұғаттау үшін жібереді», - Комитет төрағасы Қуаныш Елікбаев.

Мұндай сайттар әдетте ЕАЭО-ға қатысушы көрші елдердің бірінде тіркелетін «сертификаттарды» жарнамалайды.

Айтпақшы, өткен жылдың тамыз айынан бастап біз осындай 40 сайтты таптық және олардың 33-ін бұғаттадық. Кейбіреулер процесте, соның ішінде бүгін желіде тараған сайт та бар.