Кандидаттар медицина мамандарына партияның әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарын түсіндірді
Еліміздің медицина саласында ауқымды мәселелер бар. Тарқатсақ, саладағы кадрлық тапшылық, заманауи жабдықпен қамтылған нысандардың қажеттілігі, жабдықтардың қолжетімсіздігі, тағысын тағылар. Осындай кемшін дүниені қалпына келтіру - «AMANAT» партиясының басты миссиясы. Бұл жайында партияның Жетісу облыстық филиалы атынан облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар Гүлнәр Тойлыбаева, Кенжетай Тазабекова Сарқан аудандық аурухана қызметкерлерімен кездесуде сөз етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Кандидаттардың сөзінше, «AMANAT» еліміздің белсенді партиясы ретінде халықпен байланысын үзген емес. Содан болар, партия 2027 жылға дейінгі сайлауалды бағдарламасы «Халықпен бірге!» деп аталды.
«Партиямыз әрбір тұрғынның қолайлы ортада жайлы өмір сүруі үшін бар жағдайды жасайды. Соның бір парасы - денсаулық саласын әлеуеттендіру. Осы ретте партия алдағы бес жылдықта өңірде 100-ге жуық медициналық нысан салуға септеседі. 34 денсаулық сақтау нысанын күрделі жөндеуге ықпал етеді. Алғашқы дәрігерлік көмек ұйымдарына 255 бірлік медициналық жабдық сатып алып беріп, бұл ұйымдағы қажеттілік толықтай өтеледі. Осындай ауқымды жұмыстар өзегінде өңірдегі медицина жоғарғы стандарттарға сай болады», - деді Г.Тойлыбаева.
Кездесуде кандидаттар Жетісу өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы партияның басымдықтарына да тоқталды. Олардың айтуынша, президент тапсырмасына сай қант қызылшасын егуді молайту да аманаттықтардың назарынан тыс қалмайды. Партия 2027 жылға дейін тәтті түбір егетін алқаптың көлемін 12 мың гектарға жеткізуге мүдделі. Сонымен қатар шаруалардың өрісін кеңейту мақсатында тұқым және тыңайтқыш сатып алу көлемін еселеп ұлғайту, лизингке ауыл шаруашылық 600 дана техника сатып алуына жағдай жасау сынды тың бастамалар да қолға алынады.
Аудандық аурухана қызметкерлері тарапынан маман тапшылығы мен онкологиялық аурулардың алдын алу мәселелері қозғалды. Кандидаттар партияның бұл мәселелерді шешуге ықпал ететінін жеткізді. Шара соңында ақ халаттылар «AMANAT»-ты қолдайтынын жеткізді.
Жетісу облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді