Ауыл шаруашылығын субсидиялау: бір айдың ішінде 17,1 млрд теңгеге 3000-нан астам өтінім берілді

Автор: Azattyq Rýhy

АӨК субсидиялау бойынша барлық мемлекеттік қызметтер электрондық форматта көрсетіледі

2021 жылы Үкімет бекіткен тоғыз Ұлттық жобаның ішінде 2021-2025 жылдарға арналған агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі жобасы да бар. Бүгінде «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру» ақпараттық жүйесінде 25 млн жуық ауыл шаруашылығы жануарлары тіркелген.

Базалық көрсеткіштер төлдің жыл сайынғы өсуін көрсетеді. Егер 2020 жылы 10,1 млн бас болса, 2021 жылы 12,1 млн, ал 2022 жылы 13,1 млн бас жылына орта есеппен 11,8 млн бас туады. Мұндай статистикалық деректерді ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Бағлан Бекбауов журналистердің қатысуымен болған брифингте айтты.

Жалпы ауыл шаруашылығы жануарларының төлі белгілі жасқа жеткен күнінен бастап он төрт жұмыс күнінен кешіктірілмей бірдейлендіріледі:

  • бұзаулар, қозылар, лақтар, боталар – туғаннан  бастап  жеті  күн  өткен  соң;
  • құлындар 4 айлықтан  соң;
  • асыл тұқымды торайлар, әрі қарай өсіруге және өсімін молайтуға арналған торайлар және халықтың шаруашылықтарында күтіп-бағылытын торайлар – үш айлық жасынан бастап.

Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру рәсіміне ауыл  шаруашылығы  жануарларына  жеке  нөмір беру; ауылшаруашылық  жануарларын бірдейлендіру бойынша мәліметтер  базасына  ақпаратты  енгізу; ветеринариялық  паспорт беру шаралары кіреді.

2022 жылы Республика аумағында 22 ауруға қарсы вакцинациялау жұмыстары жүргізілді.

«Ветеринарлық дәрігерлер үшін барлық қажетті ветеринарлық шараларды уақтылы жүргізу үлкен проблема болды. Ветеринарлар шалғай учаскелерге барып, деректерді журналға енгізуге және қайтып оралғаннан кейін жұмыстың нәтижелерін Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру» ақпараттық жүйесі базасына енгізуге мәжбүр болды, бұл айтарлықтай уақытты алды. Бұл мәселені шешу үшін Министрлік мобильді қосымша әзірледі. Бұл бағдарламалық жасақтама ветеринарлардың мобильді құрылғыларда жұмыс істеуі үшін арнайы жасалған. Мобильді қосымша ақпаратты жинауды, беруді және талдауды автоматтандырады, ал ветеринар үлкен қағазбастылықтан босатылады және мал өнімдерін нақты бақылау мүмкіндігі пайда болады», - деді вице-министр Бағлан Бекбауов.

Бір ерекшелігі  мобильді қосымша интернетсіз де жұмыс істей алады. Яғни ветеринарлар шалғай учаскелерге барып, мобильді қосымша арқылы жануарды тіркеп, дерекқор арқылы тексере алады, сондай-ақ жүргізілген ветеринариялық іс-шараларды көрсете алады. Ауыл шаруашылығы министрлігі 2022 жылдың соңында Батыс Қазақстан облысында пилоттық жобаны іске асырды. Оның аясында Теректі, Ақжайық және Бәйтерек ауданының ветеринарлық дәрігерлерін оқыту жүргізілді.

Ендігі ретте бұл тәжірибе оңтүстік өңірлерде жалғасын таппақ. Нақтырақ айтқанда, 2023 жылдың 21 ақпанынан бастап Түркістан облысында дәл осындай пилоттық жоба іске қосылды және оның аясында Сарыағаш, Сайрам, Бәйдібек және Сауран ауданының ветеринарлық дәрігерлері оқытылды.

Әкімдіктердің деректеріне сәйкес,осы жылдың 17 қаңтарындағы жағдай бойынша елімізде жеке қосалқы шаруашылықтарда жайылымға жататын 5,7 млн шартты бас Ауыл шаруашылығы жануарлары бар. Жайылымдардың жалпы алаңына жүктеменің рұқсат етілген шекті нормативтері бойынша оларды жаю үшін жеке қосалқы шаруашылықтардың мал жаю үшін қосымша 8,9 млн га жайылым қажет.

«Бұл көбінесе жеке қосалқы шаруашылықтарда ауылшаруашылық жануарларының санының айтарлықтай өсуіне байланысты. Мысалы, тек ІҚМ бойынша соңғы 10 жылда мал басы 7,7%-ға өсті. Ал Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облыстары сияқты өңірлерде мал басының өсу қарқыны шамамен 16%-құрады. Сонымен қатар, ұйымдасқан шаруашылықтарда 5,9 млн шартты бас Ауыл шаруашылығы жануарлары бар, яғни жайылымдардың есептік резерві 30,4 млн га құрауы мүмкін. Республиканың 17 облысының ішінде жеке қосалқы шаруашылықтардың мал жаю үшін жайылымдардың тапшылығын 15 облыс, әсіресе Түркістан, Қызылорда, Алматы және Атырау облыстарында бастан кешуде», - деді Бағлан Бекбауов.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша фермерлер үшін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі «Субсидиялаудың бірыңғай мемлекеттік ақпараттық жүйесін» іске қосты.

«Бұл жүйеде АӨК субсидиялау бойынша барлық мемлекеттік қызметтер электрондық форматта көрсетіледі және бірқатар қабылдауды ұсынады. Біріншіден, мемлекеттік жүйе фермерлер, ауыл шаруашылығы басқармалары, қаржы институттары және т.б. кіретін барлық пайдаланушылар үшін тегін. Екіншіден, мемлекеттік деректер базасымен интеграцияның болуына байланысты қосымша анықтамаларды талап ету қажеттілігі жоқ. Сондай-ақ, бұл субсидиялау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмауға мүмкіндік береді. Үшіншіден, нормативтік құқықтық базаны бір мезгілде жетілдіруге және мерзімдерді қысқартатын модификация жүргізуге мүмкіндік бар», - деп нақтылады вице-министр.

Осылайша, қолданыстағы заңнаманг ескере отырып, адамның қатысуынсыз субсидияны есептеуге мүмкіндік беретін авторесептер енгізілді. Бұдан бөлек, субсидиялау бағытыныдағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету мақсатында Мемлекеттік кірістер комитетімен бірлесіп электрондық-шот-фактураларды бұғаттау жөніндегі функционал енгізілді.

«Осылайша, пайдаланушы субсидиялауға өтінім бергеннен кейін ЭШФ-ны өзгерте немесе кері қайтара алмайды. Өздеріңіз білетіндей, өткен жылы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ЭШФ-мен айла-шарғы жасау фактілерін анықтады. Енді мұндай фактілер алынып тасталды. «Күту парағының» функционалдығы мен өтінімдерді қарау реттілігінің арқасында субсидиялар беру процесінде транспаренттілік қамтамасыз етілді. Әрбір пайдаланушы тіркеусіз субсидия алу кезегін көре алады», - деді вице-министр.

Gosagro.kz ресми сайты іске қосылғалы бір айдың ішінде жалпы сомасы 17,1 млрд теңгеге 3000-нан астам субсидиялауға өтінім берілді, оның ішінде 135 млн теңгеге өтінім мақұлданды. Бұл ретте көрсетілген соманың жартысына жуығы немесе 55 млн теңгесі төленді.