Газдандыру, кәсіпкерлік, зейнет жасы: Абай облысында үміткерлер өзекті мәселелерді талқылады

Автор: Azattyq Rýhy

Кездесу барысында аудан тұрғындарына «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы таныстырылды

«AMANAT» партиясының Республикалық сайлауалды штабының мүшелері және Абай облысынан депутаттыққа кандидаттар сайлаушылармен кездесу үшін Абай облысы аумағындағы Бородулиха ауданына барды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«AMANAT» партиясынан депутаттыққа кандидаттар Бердібек Сапарбаев, Самат Нұртаза, Қайырлы Қасенов, Анжела Маслова, Шолпан Чегедекова Бородулиха ауданына кездесу барысында бірқатар нысандарды аралады. Атап айтсақ, «Бородулиха ауданының аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК қызметкерлерімен, мәдениет үйінде Бородулиха ауданының жұртшылығымен, Новопокровка ауылында «Лина Агро» ЖШС аграршыларымен кездесулер өткізілді.

Депутаттыққа үміткерлер өз кезектерінде сайлауалды бағдарлама туралы және бағдарламадағы аймаққа, оның ішінде осы ауданға қандай бастамалар арналғаны туралы айтып берді. Ауылдардан жастардың көптеп кетуі сияқты өңірлерде өзекті болып тұрған мәселелер, жас мамандарға тұрғын үй алу, жолдарға сапасыз жөндеу жүргізу және ауыл тұрғындары үшін маңызды жол учаскелерінде асфальт жабынының болмауы, Бородулиха ауданын газдандыру мүмкіндіктері сияқты өте маңызды мәселелер көтерілді.

«Газдандыру мәселесі бойынша Астанаға газ тек өткен жылы келді деп айта аламын. Әрине, барлығы газдандыруды қалайды. Қазақстанның оңтүстігінде, Тараз, Шымкент, Қызылорда, Алматы үйлері газбен жылытылады, ешкім көмір сатып алмайды. Бұл мәселенің туындауы орынды. Біз бұл мәселені қарастырып, министрлікке жеткізетін боламыз», - деді Самат Нұртаза.

Сондай-ақ зейнеткерлік жасты төмендету, ауыл тұрғындарын қолдау, ауылдағы кәсіпкерлікті қолдау мәселелері де көтерілді.

«AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасында ауылды қолдау, жастарды қолдау, дәрігерлер мен мұғалімдерді қолдау сияқты бастамалар бар. Өңірлердің негізгі проблемасы – жастардың, жас мамандардың үлкен қалаларға кетуі. Қазір мен айналасып жүрген ең маңызды нәрсе – бұл ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі. Әрине, ол республика бойынша барлық жерде бар мәселе, бірақ Алакөл, Ертіс, бұрын бір облыста Зайсан, Марқакөл сияқты өте бай су қоймалары бар Шығыс Қазақстан, Абай облысында бұл мәселенің туындауы көңілге қаяу салады. Сондықтан мен сіздерді алдағы сайлауда осындай мәселелердің шешімін қарастыратын «AMANAT» партиясын қолдауға шақырамын.

Бағдарламада үлкен трансформация болды, партия 75%-ға жаңарды. Көптеген адамдар «AMANAT-ты» «Нұр Отанмен» байланыстырады, бірақ бұл мүлдем дұрыс емес, қазір партияда көптеген жаңа адамдар бар және олардың қатары күннен-күнге өсуде. Қазір әлеуметтік желілер ғасыры және егер бір уақытта уәде етілген нәрсе орындалмаса, әр сөзге жауап беру керек, ал жаңа Қазақстанда әр шенеунік өз сөзіне жауап береді деп ойлаймын. Қазір әлеуметтік желілер кез келген шенеунікпен байланыс орнатуға және жауап алуға мүмкіндік береді. Біздің мақсатымыз, жалпы депутаттың мақсаты – бұл министрлікке, әкімдікке, тиісті әкімшілік органдарға халықтың барлық қажеттіліктері мен тілектерін, өңірдегі негізгі мәселелер мен проблемаларды жеткізу», - деді Самат Нұртаза.

«Мемлекеттік қызметте жұмыс істейтін адамдарда, өзін-өзі жұмыспен қамтыған, жалдауда жұмыс істейтіндерде туындайтын мәселелердің барлығы кәсіпкерлікпен қандай да бір түрде үндеседі, өйткені барлық жерде кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы сөз болғанда мемлекет ұзақ мерзімді перспективаға қарайды, себебі ол салық төлеушілердің қаражатымен жұмыс істеп, оларды мақсатты және ұтымды пайдалануды қарастырады. Мемлекеттік қолдау бөлінген кезде жеке кәсіпкерге субсидиялау немесе гранттық қаржыландыру бөлу арқылы мемлекет тек сол бір кәсіпкердің байығысы келеді дегенді білдірмейді, өйткені көбінесе бұл адамдар көп мөлшерде несие алған, оның бәрі кепілге қойылған адамдар.

Мемлекеттік қолдаудың мақсаты – көптеп жаңа жұмыс орындарын құру. Жаңа жұмыс орындарын құру арқылы жалдауда жұмыс істейтін адамдар өзіне және отбасына лайықты өмір сүре алады. Қазір біздің алдымызда бір міндет тұр – шикізат секторынан кету және мемлекеттік қаражаттың көп бөлігін өндіріске бағыттау, өйткені өндірістік компаниялар жұмыс орындарын ашып, өз өнімдерін нарыққа шығаруда, ал біз қазір импортты алмастыруға бет алдық. Мен партияның сайлауалды бағдарламасымен танысып, неге осы немесе басқа ұсыныстар, біздің алдымызда тұрған барлық міндеттер туындағанын жақсы түсінемін. Бұл барлық жиналған ұсыныстар, сайлауалды штаб қабылдауларының жұмысы. Сондай-ақ мемлекеттік органдардағы әріптестеріміз үнемі ашық есік күндерін өткізіп, халықты қабылдаулар өткізеді және мұндай бағдарламалық құжаттар, ең алдымен халық айтқан мәселелер мен тілектер ескеріле отырып жасалады», - деп нақтылады Ангела Маслова.        

«AMANAT» партиясының бағдарламасы – қоғамда қалыптасқан мәселелерді шешу жолдарын көрсететін нақты жоспар. 2022 жылдан бастап партиялықтар өңірлерде, ауылдық жерлерде кездесулер өткізіп, 200 мыңнан астам азаматтардың ұсыныстарын жинады. Халықты толғандыратын проблемаларды талдап, жүйелеп, 10 негізгі бағыттан тұратын құжат әзірленді, онда әрбір қазақстандық өзінің өзекті сұрауларына жауап таба алады.

Кездесу барысында аудан тұрғындарына «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырылып, партиядан депутаттыққа кандидаттарды қолдай отырып, алдағы сайлауға белсенді қатысуға шақырылды. Жиын соңында депутаттыққа кандидаттар «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы туралы баспа материалдарын таратты.

Абай облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізім ұсынған «AMANAT» партиясының сайлау қорының қаражатынан төленді