Партияның сайлауалды бағдарламасы түсіндіріліп, үнпарақтар таратылды
«AMANAT» партиясының облыстық сайлауалды штабының мүшелері «Есіктен есікке» акциясы аясында Жамбыл облысының орталығындағы бірнеше тұрғын үйді аралады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Бұл күні партиялықтар Тараз қаласындағы Жағалау және Көшеней көшелерінің тұрғындарына «AMANAT-тың» сайлауалды бағдарламасын түсіндіріп, үнпарақтар таратты.
Сондай-ақ қарапайым халықтың ұсыныс-тілегін назарға алған аманаттықтар жұртшылықты 19 наурызда өтетін Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттардың депутаттарының сайлауында белсенді болуға шақырды.
Жамбыл облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді